• Главная
  • Қонаевта "Алатау жастары" ұйымы құрылды
Алатау жастары
23:16, 26 апреля
Надежный источник

Қонаевта "Алатау жастары" ұйымы құрылды

Алатау жастары
Қонаевта "Алатау жастары" ұйымы құрылды

Бүгін Қонаев қаласында жастардың форумы өтті. Жиын барысында облыс орталығының "Алатау жастары" ұйымы құрылды.

Қатысушылардың бірауыздан дауыс беруімен Жұмақан Дидар Айдарұлы ұйымның төрағасы болып сайланды.

Сондай-ақ ұйымның құрамы бекітіліп, төрағаның орынбасары сайланды. Жалпы ұйымға 11 адам мүшелік етеді.

Аталған ұйым Ардагерлер кеңесімен тығыз қарым-қатынаста жұмыс жасайтын болады. Бұдан бөлек, жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейін төмендету, олардың бос уақытын тиімді пайдалану, жастар саясатын жүргізу бағытында қызмет етпек.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции

Комментарии

Последние новости
Объявления
live comments feed...