• Главная
  • Қонаевтағы үйлердің жертөлесі масаға қарсы өңделуде
Конаев
11:31, 26 апреля
Надежный источник

Қонаевтағы үйлердің жертөлесі масаға қарсы өңделуде

Конаев

Қала әкімдігінің ТҮКШ бөлімінің мәліметінше, тұрғын үйлердің жертөлелерінде масаға, таракандарға, бүргелерге қарсы өңдеу жұмыстары жүріп жатыр.

Қазіргі таңда мердігер компания 2 шағын аудандағы үйлерді дезинсекциялауда, жалпы жоспар бойынша барлық тұрғын үйлерді қамту жоспарланған.

Өңдеу жүретін уақыт алдын ала Пәтер иелері кооперативтерінің басшыларына хабарлануда.

Қонаевтағы үйлердің жертөлесі масаға қарсы өңделуде, фото-1

Сондай-ақ қамыс, ашық жатқан аумақтар, парктер, скверлер де назардан тыс қалған жоқ.

Мұндағы дезинсекциялаумен санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы айналысуда.

Өңделетін аймақ 11 га-дан астам. Өңдеу жұмыстары кезең-кезеңімен жаздың соңына дейін жүреді.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции

Комментарии

Объявления
live comments feed...