• Главная
  • Ұлы тұлғалардың есімі ұлықталды
Конаев
16:06, 18 апреля
Надежный источник

Ұлы тұлғалардың есімі ұлықталды

Конаев

Бүгін Халықаралық ескерткіштерді қорғау күніне орай, Қонаевта ұлы тұлғалардың есімі ұлықталып, гүл шоқтарын қою рәсімі мен "Киелі мекен" экоакциясы өтті.

Алдымен жұрт Абай Құнанбайұлының ескерткіші маңына жиналды. Мұнда балалар арнау өлеңдер оқып, мәдениет басқармасының қызметкерлері мен ардагерлер бұл күннің маңызына тоқталды.

Ұлы тұлғалардың есімі ұлықталды, фото-1

Кейін жұртшылық Жамбыл Жабаев пен Дінмұхамед Қонаевтың ескерткіштеріне гүл шоқтарын қойып шықты.

Ал "Киелі мекен" акциясы аясында кітапхана ұжымы мен ардагерлер, жастар С. Сейфуллин мен А. Қойшыманов ескерткіштерінің маңын қоқыстан тазартты. Бұл тарихи орындарға да гүл шоқтары қойылды.

Ұлы тұлғалардың есімі ұлықталды, фото-2
Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции

Комментарии

Последние новости
Объявления
live comments feed...