• Главная
  • ҚАЖК басшысы Алматы мен Алматы облысының колонияларына барды
ДУИС
21:26, 16 апреля
Надежный источник

ҚАЖК басшысы Алматы мен Алматы облысының колонияларына барды

ДУИС
ҚАЖК басшысы Алматы мен Алматы облысының колонияларына барды

Алматы қаласы, Алматы және Жетісу облыстары бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне ҚАЖК төрағасы Теңізжан Жәнібеков жұмыс сапарымен келді.

Жұмыс сапары барысында ҚАЖК төрағасы Департамент басшылығымен бірлесіп ведомстволық бағынысты мекемелерге барды.

Бірінші кезекте, төраға Алматы қаласындағы қоныс-мекемесінде салынып жатқан модульдік ғимаратты қарап шықты. Жатақхана 372 сотталған адамға арналған, монша-кір жуу кешені мен асханасы бар.

Сонымен қатар, Теңізжан Жәнібеков Алматы қаласының тергеу изоляторына, Жауғашты кентіндегі әйелдер колониясына және Заречный кентінде орналасқан төрт мекемеге барды.

Сапар барысында әкімшілік ғимараттарды, режимдік корпустарды, медициналық бөлімді, сәлемдемелерді қабылдау бөлмелері мен ұзақ мерзімді кездесу бөлмелері және серуендеу аулалары мен өндірістік-шаруашылық аймақтарды аралау жүзеге асырылды. Сондай-ақ, мекемелерде ұсталатын сотталғандардың тұрмыстық жағдайлары қаралды.

ҚАЖ комитетінің төрағасы режимдік басқару орталықтарының жұмысын тексеріп, мекемелерді бейнебақылау жүйелерімен толық қамтуды қамтамасыз ету жөніндегі жұмысқа ерекше назар аударды.

Ведомство басшысы жергілікті жерлерде сотталғандардың және тергеудегілердің туыстарымен сұхбаттасты. Сондай-ақ, Алматы қаласы мен Алматы облысының мекемелерінде жазасын өтеп жатқан сотталғандар жеке қабылданды.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции

Комментарии

Объявления
live comments feed...